ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

26 қараша, 2023
  • Жансейіт Түймебаев Ирак Республикасы елшілігінің істері бойынша уақытша сенімді өкілі Джабер Абдулла Әл-Темими бастаған  делегациямен кездесті. Жүздесуде тараптар алдағы жоспарларды пысықтап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
  • Оқу ордасының басшысы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Али Джоукар бастаған делегациямен жүздесті. Келіссөз барысында ҚазҰУ ректоры ирандық жоғары оқу орындарымен көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Мария Кюри-Склодовская университетінің ректоры, профессор Радослав Добровольскимен кездесу өткізді. Қос университет басшылары ынтымақтастың негізгі бағыттарын айқындап, білім және ғылым, спорт салаларындағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.