Халықаралық байланыстар жөніндегі продекан кездесу

20 қараша, 2023

2023 жылы 20 қарашада халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық байланыстар жөніндегі продекан Марчин Гурникевичпен және саясаттану ғылымдарының докторы Павел Ставажбен кездесу өтті. Кездесу барысында білім, ғылым және академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Ярослав Домбровски атындағы Әскери-Техникалық академиясының өкілдері (Варшава, Польша) әл-Фарабы атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультетімен академиялық ұтқырлық бойынша бірлескен жобалық зерттеулер аясында қазақстандық ғалымдармен байланысты тереңдету туралы екіжақты келісімге қол қою бойынша қызығушылықтарын танытты.


Поляк ғалымы Павел Ставаж «Орталық Азиядағы ЕО стратегиясы және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы контекстіндегі Польшаның Орталық Азияға қатысты саясаты» атты ғылыми зерттеу тақырыбына дәрісін арнады. Одан кейінгі пікірталас, студенттердің польшалық қонақтарға қойған көптеген сұрақтары мен жаңа кездесулерге деген тілектері одан әрі ынтымақтастықтың нығаюы бойынша келешегін көрсетеді. Бұл туралы Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Л.Ф., Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байкушикова Г.С., және Немістану орталығының директоры профессор Губайдуллина М.Ш. өз пікірлерін білдірді.