ТДМ 10. «ИНТЕРНЕТ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ ӘСЕРІ»

24 қараша, 2023

2023 жылы қарашаның 24-ші күні Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Механика-математика факультетінің 1-курс білім алушыларымен бірге Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Интернет: әлеуметтік желілердің студенттерге әсері» тақырыбында іс-шара өткізді.  

Білім алушылар дебат барысында екі топқа бөлініп, интернеттің және әлеуметтік желілердің жағымды және жағымсыз әсері бойынша қызықты презентация дайындап, ұсынды.  Презентация соңында қызықты бейнебаяндар көрсетілді. Білім алушылар дебатта әлеуметтік желілер бойынша өздерінің ойларын білдіріп, белсенді атсалысты. Сондай-ақ, іс-шараға шетел білім алушылары: Турцияда, “Сакария” университетінде 2-курс білім алушысы  Балтабаева Назира мен Румыния еліндегі Галацтағы "Dunarea de Jos" университетінің 3-курс білім алушысы зум арқылы қосылды. Олар шетел университетіне  оқуға қалай түскендерін және бұл орайда интернеттің қандай пайдасы болғаны жөнінде құнды мәліметтермен бөлісті. Білім алушылар  өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, сұрақтарына  нақты жауаптар алды. Нәтижесінде, интернет тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.

Іс-шара соңында дебатқа белсенді қатысқан білім алушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: аға окытушы Жубанова К.Х., Куанышбаева А.Н., Бекова Ж.К., Куралова А. Т., Ермаханбет Н.Р., Ушкемпиров Б., Сыдық П.