Жанғара Дәдебаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «ПРОФЕССОР ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27 қараша, 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

                                                                                  

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу институты және филология факультеті Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, ҚР Білім академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Жанғара Дәдебаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «ПРОФЕССОР ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ ЖӘНЕ  ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады. Конференцияға қазақстандық ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар мен студенттер және БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференцияда қарастырылатын мәселелердің басты бағыттары:

- Жанғара Дәдебаевтың ғылыми зерттеулеріндегі әдебиеттанудың өзекті мәселелері;

- Жанғара Дәдебаев еңбектеріндегі әдеби шығармашылық және көркем аударма мәселелері;

- Жанғара Дәдебаев және қазіргі абайтанудағы адам және заман парадигмалары

Конференция 2023 жылы 8 желтоқсан күні сағат 1500-де    ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасының  409-конференцзалында басталады.

Конференцияда Жанғара Дәдебайұлының «ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ ДҮЛДҮЛ ТҰЛҒАЛАРЫ» атты жаңа кітабының  және проф. Ж.Дәдебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғұмырнамалық «ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР» кітабының тұсаукесері өтеді.

Шараға онлайн түрде сілтеме бойынша қосылуға болады. Сілтеме конференция бағдарламасында көрсетіледі. Конференция бағдарламасы қосымша жіберіледі. Байланыс телефондары: Абай ҒЗИ 8 (727) 377-33-30 (ішкі: 1921); 8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы);  8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы).  

Конференция қазақ, орыс тілдерінде өтеді.  Конференцияның үшінші бағыты бойынша жас абайтанушылардың материалдары электронды жинақ түрінде жарық көреді, жинаққа Халықаралық стандарттық номер (ISBN) беріледі. Материалдар 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін мына эл.поштаға: abaigzikonf@mail.ru ұсынылуы қажет.

 

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Материалдар электронды нұсқада  Abaigzikonf@mail.ru почтасына қабылданады.  Файл «Microsoft Office Word» форматында сақталып, автордың аты-жөнімен аталуы тиіс.
  2.  Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (қаріп Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14-кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет.
  3.  Мақаланың атауы (қаріп Times New Roman, жартылай қою, 14-кегль) – беттің ортасына қойылуы керек.
  4.  Негізгі мәтін Times New Roman (14-кегль) қарпімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.   
  5. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (қаріп Times New Roman (12-кегль)
  6. Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің нөмірі, сондай-ақ беттің нөмірі тұрады. 
  7. Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді.
  8.  Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.
  9. Онлайн баяндама 7 минутқа есептелуі керек. 

Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.