«Жер ресурстарын басқару» тақырыбында семинар

27 қараша, 2023

«Жер ресурстарын басқару» тақырыбындасеминар

2023 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Қ.А. Сағадиев атындағы іргелі аудиторияда  Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Смағұлов Асқар Мұратұлы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттерімен «Жер ресурстарын басқару» тақырыбында семинар өткізді. Семинар«Мемлекеттік ресурстарды активтерін басқару» оқу пәні шеңберінде үйымдастырылды. Қазақстан Республикасында әлемдік тәжірибені зерделеуді ескере отырып қарастырылды. Жер ресурстарын басқаруды жетілдіру тетігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында үкімет алдына қойылған негізгі міндеттерді ескере отырып, еліміз үшін шешіліп жатқан негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Семинарға қатысқан студенттер жер ресурстарын басқаруды жақсарту бойынша өз ойлары мен көзқарастарын ортаға салып, әлемдік тәжірибені талқылады.