Лингвистикалық мәліметтерді талдау және өңдеу
27 қараша, 2023
2023 жылдың 27 қарашасында Филология факультетінің түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессоры Ж.К.Ибраева мен аға оқытушылары Г.С.Нәбиева мен Қ.Жақсылыққызы және “Лингвистика“ мамандығы магистранттарының ұйымдастыруымен “Лингвистикалық мәліметтерді талдау және өңдеу” атты ғылыми семинар өтті. Ғылыми іс-шара “Сапалы білім беру” бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Семинар барысында лингвистикалық мәліметтерді жинау мен өңдеуге арналған web scrapping, tableau, zotero, R studio сияқты компьютерлік бағдарламаларға талдау жасалды. Магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеу жүргізудегі қиындықтар туралы сөз қозғап, өзара ой бөлісті.
Басқа жаңалықтар
28 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024