Студенттер арасында қызылша инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар

28 қараша, 2023

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. 2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 11 057 жағдайы тіркелді, оның 83%-дан (9 233 жағдайдан) астамы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне келеді.

70%-да (7 786 жағдайда) вакцинацияланбаған балалар ауырды, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 4 575, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1 431, егу жасына жетпеу – 1 687, өзге себептер – 93, 17%-да (1 832 жағдайда) егу мәртебесі белгісіз адамдар ауырды.

Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды.

Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доцент м.а.  А. Б. Даниярова "Студенттер арасында қызылша инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар"  тақырыбында, "Қоғамдық денсаулық" мамандығының студенттере ZOMM-вебинар өткізді.

https://drive.google.com/drive/folders/1u5ynSDoQTsBfzUI3kDpeTn2kAiJrVFjX