Ақын Таңжырақ Жолұлының 120 жылдығына арналған іс-шара

24 қараша, 2023

2023 жылдың қараша айының 24-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әдебиеттану мамандығының 2-курс студенттері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының туғанына - 120 жыл толуына байланысты, студенттер арасында жарыс өткізді. 3 топтан құралған студенттеріміз арнайы сыйақымен марапатталды. Қыздардан құралған
  1-ші тобымыз “Алаш” болса,жігіттерімізден құралған “Шырақ” тобы және 1-ші курс студенттерінен жиналған “Заман” тобы қатысты. Әдеби сайыс жалып үш кезеңнен құралды.1-кезең: Таныстыру. Әр командаға өздерін таныстыруға ерік берілді (ән айту, қойылым қою, бейне-материал т.б.)
2-кезең: «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап). Т.Жолдыұлына қатысты мәліметтер, ақпараттар бойынша сұрақ қойылып, әр дұрыс жауап баллдық шкаламен есептеліп, командалар арасында бір уақытта орындалды.
3-кезең: «Тұлғаны таныту». Бұл кезеңде қатысушылар (команда) тұлға шығармашылығына қатысты номер қоюлары қажет болды.
Бірінші орын-20000
Екінші орын-15000
Үшінші орын-5000 теңгені құрады. Нәтижесінде,1-ші орынды “Шырақ” тобы алса, 2-ші орынды “Алаш” тобы ұрандата алды, 3-ші орын “Заман” тобына берілді. Алаш идеясын қытай қазақтары ортасындағы таратушысы-Таңжарық Жолдыұлы туралы мәліметтер айтылып, ұстаздарымыз барша қатысушы топтарға алғыстарын айтты.