«Шығармашылық тұлға психологиясы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар

4 желтоқсан, 2023

Құрметті әріптестер!

Сіздерді академик-жазушы «З.Қабдолов оқулары» аясында өтетін «Шығармашылық тұлға психологиясы» атты   Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырамыз.  Ғылыми семинарда «Менің Әуезовім» роман-эссесі негізінде ғылыми-шығармашылық тұлғалардың көптеген идеялар мен стратегияларды шығару мен қолданудағы икемділігі, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын таба отырып, өзгеше ойлауға қабілеттері сөз болады. Өз заманындағы озық ойлы тұлғалардың тума табиғаты, темпераменті бойынша оларды біріктіретін ішкі әлемді зерделеуге баса мән берілмек.

Осындай көпті қызықтыратын мәселелерге мазмұнды диалог құру үшін «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары мен Республикалық деңгейдегі жас ғалымдар мен ізденушілерді  әңгімеге шақыруды ұйғардық. Сонымен  қатар ғылыми семинар барысында Зум платформасы арқылы  келесідей жоғары оқу орындары байланысқа шығады: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар университеті

Ғылыми-тәжірибелік ғылыми семинар авторы: ф.ғ.д., профессор Сәуле Баймырзақызы

Өтетін орны: ҚазҰУ кітапханасы - №408 кабинет, күні 04.12.2023 жыл, сағат 13:00. – 14:30.

Қосылу Зум платформасы негізінде офлайн және онлайн түрінде өтеді.