Студенттер «Томирис» қойылымын тамашалады

30 қараша, 2023

Жастар саясатын жүргізіп, жас кадрларды даярлауда көшбасшы университетіміздің рөлі өте жоғары. Жас мамандарға диплом ғана емес, елімізге деген адалдық сезім мен өз ұлтының тарихын қастерлей білетін азамат ретінде тәрбие беру де маңызды. Осы ұстанымды негізге ала отырып шығыстану факультеті білім алушыларды түрлі іс-шара арқылы Отанды сүюге, ел мен жерді қастерлеуге баулиды.

Таяуда  «Шығыстану» мамандығының 4-курс студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына атақты «Томирис» қойылымына барып қайтты. Еліміздің тарихынан сыр шертетін қойылымнан студенттеріміз ерекше әсер алды. 

Қойылымның негізгі мақсаты Отанға деген адалдық, «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген қасиетті ұғымды көрерменге жеткізу болса, ол оқырманға, оның ішінде студенттерге де айрықша әсер етті, сол үдеден шықты деген ойдамыз. Студенттерге кейде ұзақ-сонар ақыл айтқаннан гөрі осындай мәдени жерлерге бару әлдеқайда тиімді. Олар тамаша қойылымның мән-мағынасын, идеясын түсініп, өздерінше ой қорытып, жақсы көңіл күймен қайтты.

Жұлдыз БЕКБАУОВА,

оқытушы