ТДМ 4. "№5 мектеп-гимназия " КММ-де кәсіптік бағдар беру

21 қараша, 2023

Жастарды мамандық таңдауға дайындау және мектеп оқушыларын жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының білім беру бағдарламаларымен таныстыру мақсатында кафедра оқытушылары Алматы қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар береді.

Осы мақсатта аға оқытушы И. Е. Березовская 21 қарашада "№5 мектеп-гимназия" КММ-де болды. Кәсіптік бағдар 10-11 сынып оқушылары үшін өткізілді. Оқытушы кафедраның барлық мамандықтары және балалар болашақта қандай жұмыс істей алатындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар магистратурада оқуды жалғастыру туралы ақпарат берілді.