ТДМ-1 Жүрек мейірімі, халық байлығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. Г.А. Куаналиева, 303 оқу тобының эдвайзері, аға оқытушы А.А. Есекеева 303 оқу тобы студенттерімен 2023 жылы 28 қарашада бүгін «Бүкіләлемдік қайырымдылық білдіру күніне» орай қайырымдылық мақсатында іс - шара өткізді. Осыған байланысты ТДМ-ның 17 мақсаттарының ішіндегі 1-ші мақсаты, яғни кедейлік, әлемдегі ғасырлар бойы шешілмей жүрген аса күрделі мәселелердің бірі. Дана халқымыз, «Қайыр қылсаң, бүтін қыл», «Кең болсаң, кем болмайсың» деп бекер айтпаса керек. Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Қайырымдылық жасау мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отырған аса игілікті іс болып отыр. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Осы мәселеге байланысты іс-шараға қатысушылар өз ой пікірлерін білдірді.