ТДМ 13-мақсат: Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау

24 қараша, 2023

24.11.2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық кафедрасы Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының доценті, ҚМУ экологиялық-құқықтық зерттеулер орталығының басшысы (Қырғызстан Республикасы Бішкек қ.), з.ғ.к. Азамат Анварбекұлы Қадыровпен заң факультетінің білім алушыларымен және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ЕЭК елдеріндегі экологиялық заңнаманы біріздендіру мәселелері, сондай-ақ қазіргі жағдайда су заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.  Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Мәселелерді талқылауға кеден, қаржы және экология құқығы кафедрасының ПОҚ өкілдері қатысты: кафедра меңгерушісі з.ғ.д., проф. Қуаналиева Г.А., доценттер Жугралина Б. М., Ашыралиева Б. С., Қалиева Г. С.