ТЕАТРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

21 қараша, 2023

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2023 жылдың 21 қарашасында "Шетел филологиясы (батыс тілдері)" мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына «Жусан иісі» қойылымына барды.  Бұл драмада қу соғыстың бесіктен белі шықпаған жас балалардың жүрегіне салған жарасын көрсетеді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып, еш уақытта ұмытылмайтығы анық.  «Жусан иісі» драмасы -  жазушы С.Мұратбековтың шығармасы негізінде дайындалған, режиссері Ж.Жұманбайдың қойылымы студенттер көңілінен шықты.