Әл-Фараби ат. ҚазҰУ филология оқытушылары А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

29 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. А.Б. Салқынбай мен ф.ғ.к. Ш.Ә. Рамазанова А. Йассауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университетінде «Әлемдік рухани құндылықтар: Абай шығармашылығындағы адамзатты сүю идеясы» AP14871410/ГҚ (2022-2024) жобасы негізінде 26 қараша мен 29 қараша аралығында Түркістан қаласындағы А. Йассауи атындағы Қазақ-Түрік университеті филология факультетінде «Абай ілімі», «Абай шығармаларындағы Адамзатты сүю идеясы», «Қазіргі рухани құндылықтар: Абай шығармаларындағы имани гүл» атты дәріс оқыды. 

Дәріске филология факультетінің студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушы-профессорлары белсенді қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын  қойды. 

Дәріс барысында студенттермен жеке жұмыс жүргізілді. Оларды ҚазҰУ-дегі магистратура мен докторантура бойынша мамандықтармен таныстырылды.