- Басты бет
- Жаңалықтар
- Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы жоба бойынша (Жобаның тақырыбы: ИРН AP19678348 «Крушение Российской империи и возрождение Казахской государственности: историко-правовой анализ» / Жобаның ғылыми жетекшісі - з.ғ.к., профессор Нурпеисов Еркеш Калиевич) 2023 жылдың 15-22 қарашасы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жән әкімшілік құқығы кафедрасының II-курс докторанты, з.ғ.м., Қанат Алихан мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, белгілі алаштанушы-ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханаға іс-сапармен барып, өзара тәжірибе алмасып қайтты. Осы сапар барысында Қазақ мемлекеттілігінің жандануының әртүрлі кезеңдеріне қатысты жаңа мұрағаттық материалдар мен құжаттарды жинақтау және талдау жұмыстары жүргізілді.