2023 жылы қараша айының 28 жұлдызында 328 аудиторияда Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен 3 Курс География және табиғатты пайдалану факультетінің «Жерге орналастыру мамандығының 3 курс студенттерімен бірге »"Сапалы білім" тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму 13 - мақсатын іске асыру аясында өтті. Ғылыми семинарды "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т.Айғаринова ашып берді. Өз сөзінде, кафедра доценті Қазақстан Республикасының сапалы білім беру жуйесі қандай деңгейде екенін ескере отырып, сапалы білімнің қазіргі кездегі маңызына тоқтала кетті. Ғылыми баяндама жасаған студенттер дүние жүзіндегі білім жүйесінің мәселелерін толықтай ашып,талқылады. Ашып айтқанда баяндамашылар Германия,Жапония,Корея,Америка елдерінің білім беру сапасын саралап,баға берді және Қазақстан үлгісі үшін қандай нысандардың тиімді екеніне тоқталды.Сондай - ақ, ғылыми семинарда, қабылдаған мәліметтерді бекіту үшін әр түрлі нысандағы ойындар өткізіліп, ерекше озық студенттер өздерінің білім деңгейімен көзге түсті. Ғылыми семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар ұсынылып ,ол үшін студенттер де өзінің үлесін қосу керек екенін түсінді.