Қазақстанның нумизматикалық мұрасы мен қағаз ақшалары
23 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлеĸет жǝне құқық теориясы мен тарихы, ĸонституциялық жǝне ǝĸімшіліĸ құқық ĸафедрасы мен «С.Зимановтың кіші академиясы» клубы 1 және 2 курс студенттерімен ТДМ 8 “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу” қағидатына байланысты Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында өткен көрмеге барды.
Мұражайда Казақстан тарихында қолданылған Ұлттық валюта теңгенің 30 жылдық мерейтойына арналған “Қазақстанның нумизматикалық мұрасы мен қағаз ақшалары” атты көрмесі өтті. Осы көрмеде студенттер Ұлттық валютамыз теңгенің тарихын, оның бүгінгі таңдағы орны туралы ойларын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы және «С.Зимановтың кіші академиясы» клубы.
Жауапты: заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д.А.