ҚазҰУ Қытай мұнай университетімен байланысты жандандырмақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай мұнай университетінің президенті Ву Сяолинь жұмыс сапарымен келіп, ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымымен және жетістіктерімен танысты.
Құрметті қонақтар ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжановамен кездесіп, серіктестікті нығайту, білім, ғылым саласындағы байланыстарды тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
ҚазҰУ мен Қытай мұнай университетінің әріптестік қарым-қатынасы бүгінде екі жоғары оқу орны арасындағы ортақ жобаларды іске асыруға жол ашып отыр.
Өз кезегінде Ву Сяолинь қос университет арасындағы байланысты одан әрі жандандыру қажет екенін жеткізді.
Тараптар кездесу соңында екі университет арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму бағыттарын талқылап, алдағы жоспарларды пысықтады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі