«Ешкімді назардан тыс қалдырмау»
Кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттарды игеру бойынша «Ешкімді назардан тыс қалдырмау» қағидасына сәйкес Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі ПДК -105 тобының кураторы Әсембаева Алтын Шакержанқызының жетекшілігімен топ білім алушылары Алматы қаласындағы 5 жасқа дейін тәрбиеленіп жатқан сәбилер үйіне барып, қамқорлық жасау мақсатында бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыстап, оларды ойнатып, көңілдерін көтеріп қайтты. Кедейлікті жою мақсатында болашақ ұрпаққа қажет ресурстарды үнемдей отырып, тұрақты даму жолына қол жеткізу үшін қолдан келгенше қамқорлық жасап тұру-кез-келген азаматтың міндеті.