«Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты Республикалық студенттік шығармашылық конкурс

23 қараша, 2023

2023 жылдың   23 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінің Үлкен залында сағат 12:00 де әл Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен университетіміздің 90-жылдығына орай, Бүкіләлемдік философия күніне арналған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты Республикалық студенттік шығармашылық конкурсқа Жоғарғы  оқу орындарының студенттері қатысты. Конкурс екі форматта (оффлайн, онлайн) өтті. Сайыста он бір команда  бақ сынасты. Олар: «Жанжарық», «Зейінділер», «Ambassadors of Accord», «Эверест», «Үш асыл», «Тархан», «Гармония», «Парасат», «Шамшырақ», «Венера», «Өнер майталмандары». Студенттер барынша еңбектеніп Әл-Фараби бабамыздың  мұрасын бүгінгімен байланыстырып жақсы идеяларды қолданып керемет туындылар жасағаны көрінеді. Әділ қазылардың шешімімен бас жүлде: «Тархан», бірінші орын: «Ambassadors of Accord», екінші орын: «Парасат», үшінші орын: «Жанжарық» командаларына дипломдар берілді. Диплом Университетіміздің проректоры Л.Қ. Еркінбаеваның қолымен берілді.

Конкурста әділ қазы болған кафедра оқытушылары: Нығметова А.Т., Өсербаев Е.Н. және факультетіміздің студенттер басшысы Орынбасарова Анель.

Ұйымдастырушы: Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының оқытушысы Ж.Н. Казиева.