«Алматы қаласының инфрақұрылымы және денсаулық сақтау» тақырыбында өткен ғылыми семинардың қорытындысы

2 желтоқсан, 2023

ТДМ-ны жүзеге асыру мақсатында 24 қараша күні сағат 12.00-де Заң факультетінің 317 аудиториясында 108 топ студенттерімен «Алматы қаласының инфрақұрылымы және денсаулық сақтау» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар модераторлары азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж. және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент Нурахметова Г.Г. Семинар барысында студенттер Алматы қаласының инфрақұрылымына қатысты мәселелерді талқылады, сонымен қатар «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» заңға қатысты өз пікірлерін білдірді. Ғылыми семинар барысында қаланың инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де көтерілді.
1 курс студенттері инфрақұрылым мен тұрғындардың денсаулығының өзара әрекеттесуін белсенді түрде талқылады.