Ортақ тарих. Ортақ жеңіс. Ортақ көзқарас

22 қыркүйек, 2023

Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ортақ тарих. Ортақ жеңіс. Ортақ көзқарас» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан, Қырғыстан және Қазақстан Республикасынан делегациялар қатысты. Осы конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның тарих, факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы,  Ауған соғысының ардагері Сайлан Болат Санабайұлы «Екінші дүниежүзілік соғыстағы тұтқындар тарихы: сандар мен дәлелдер» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама әр елден қатысушы делегацияның қызығушылығын тудырып, жоғары бағаланды.