Кітап жәрмеңкесі

1 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 1 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде “Сапалы білім беру” бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының   оқытушылары “Qazyna” кітап үйімен  бірлесе отырып, кітап жәрмеңкесін өткізді.  Жәрмеңке барысында кітап алмасу бұрышы, түрлі сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен кітап сатып алуға жеңілдіктер берілді. Ұйымдастырушылар:

“Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 3-курс студенті М. Арыстанбекова, кафедра докторанты А. Көнтек және түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: Ж.Ж.Әбікенова, С. Матай, Г.С. Нәбиева.