ТДМ 3 аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушылары Алматының көрікті жері-Медеу шатқалына саяхаттады. Олар көпшілікке "Денсаулық баспалдағы" деген атпен таныс, 842 сатыдан тұратын баспалдақпен көтеріліп, айналадағы сұлулыққа тәнті болып қайтты.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру.
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан он сегіз шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте орналасқан. Күнге шағылыса жарқылдаған қарлы шыңдар, аспанмен таласқан Тянь-Шань шыршалары, тау ауасының қоңыр салқын, жұпар иісті мөлдіреген табиғат.
Жалпы «Мұз айдынға Медеу деген ат қалай қойылды?» деген сауал туындайтыны анық. Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдыны орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пұсырман батырдың ұлы Медеу Пұсырманұлының есімі берілген. Медеу Пұсырманұлы. Жетісу тарихында, оның мәдениеті, ғылым білімнің дамуына өзіндік үлес қосқсан, қазақ халқының адал ұлдарының бірі.