ТДМ 15 аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары Алматы қаласының бас ботаникалық бағына саяхаттады.
Бұл шараның негізгі мақсаты - тыңдаушыларды құрлық экожүйесінің алуан түрлі байлығымен таныстырып, табиғаттың бізге берген аманатын аялап ұстауға үйрету.
Алматы ботаникалық бағы — Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі.
Алматы ботаникалық бағы 1932 жылы ашылған. 1967 жылға дейін КСРО ғылым академиясы қазақ филиалының республикалық ботаникалық бағы деп аталды. Мұнда алуан түрлі гүл, биік қарағай, әдемі қайыңдар мен емен, өзге де ағаштар өседі.Ботаникалық бақтың ішінде қаланың шулы көшелері мен күйбең тіршіліктен демалуға мүмкіндік бар. Шетелден келген қанддас бауырларымыз Қазақстанның көрікті,табиғаты тамаша жерлеріне барып қуанып қайтты.