Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында "Алтын күз" іс-шарасы өтті
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КаФЕДРАСЫНДА білім алып жатқан тыңдаушылар “АЛТЫН КҮЗ” атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты білім алушылардың өнерге деген қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. Өнер мен шығармашылыққа толы кеште 6 жұп түрлі сайыстар бойынша бақ сынады.
“Кел, танысайық” сайысында жұптар видеоролик арқылы өздерін және бас жанкүйері - топ тыңдаушыларын таныстырды. Ал өнер сайысында талантты жұптардың көрсеткен өнерлері бірінен бірі асып түсті. “Күз сыйы” сайысында жеміс-жидектен түрлі туындылар жасалып, кеш тақырыбын аша түсті. Сән көрсету сайысында киім үлгілерін жасауда ешбір жасандылыққа жол бермей, қолөнерімен көрермендерді тәнті етті. “Алтын күздің” үздік жұбы - бас ханшайымы мен ханзадасы анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.
Талантты тыңдаушыларымыз жарқырай берсін!