Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері ағылшын тілінде ең жақсы дыбысты айту бойынша халықаралық байқауға қатысты.

23 қараша, 2023

2023 жылының 10 қараша мен 23 қараша аралығында РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының филиалы Волгоград басқару институтында «Тіл білімі және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасында ағылшын тілінде ең жақсы айтылым бойынша халықаралық онлайн байқау ұйымдастырылды. «География және табиғатты пайдалану» факультетінің 1 курс студенттері; Көрпебаева Ұлпан – «Жерге орналастыру» мамандығы, Жарқынұлы Санжар – «Кадастр» мамандығы бойынша байқауға қатысты. Байқауға Көрпебаева Ұлпан «Life, Charlotte Bronte», Жарқынұлы Санжар «Leisure, William Henry Davies» қазылар алқасының сараптамалық бағалауына музыкалық сүйемелдеу арқылы ағылшын тіліндегі авторлардың шығармаларынан үзінділер мәнерлеп оқылған бейнежазба ұсынылды.

Сайыс нәтижесінде Көрпебаева Ұлпан 3 орынға ие болды. Алғыс хат «Шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Балгабекова Р.Н. 3 орын алған студент Корпебаева Ұлпанның халықаралық фонетикалық байқауға дайындығы және жемісті ынтымақтастығы үшін.

https://vlgr.ranepa.ru/news/?ELEMENT_ID=922795