- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің отандық ғылыми журналдарға ұйымдастырған оқыту семинарлары
ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің отандық ғылыми журналдарға ұйымдастырған оқыту семинарлары
2023 жылдың 16 қарашасында Астана IT университетінде (Астана қ.), кейіннен 2023 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық ғылыми журналдардың жағдайы және даму болашағы» атты ғылыми журнал редакторларына арналған оқыту семинарлары өткізілді.
Семинарларға отандық және шетелдік ғылыми журналдардың редакторлары, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорлары, сондай-ақ Elsevier, Clarivate Analytics және Wiley компанияларының өкілдері қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Тойбаев А.Ж. «Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау жөніндегі Комитеттің Басылымдар тізіміне енгізілген қазақстандық журналдардың жағдайы туралы» баяндама жасады.
Семинар екі бөлімнен тұрды. Семинардың бірінші жартысында спикерлер ғылыми журналдарды басып шығару үдерісін басқарудың, сапалы контентті қалыптастырудың, рецензенттерді таңдау мен іздеудің озық тәжірибелерімен, редакциялық алқа жұмысының қағидаларымен, журнал ребрендингімен, Scopus және Web of Science халықаралық деректер қорының негізгі талаптары мен журналдарды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар топқа бөлініп, отандық ғылыми журналдарды әртүрлі санаттарға бөлу мүмкіндіктерін талқылады. Соңында әр топ ғылыми басылымдарды санаттау және дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды.
16 қарашада семинарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің мәліметтер базасына журналдарды жылжыту жөніндегі бас маманы Баттал Жанар ҚазҰУ-да ғылыми журналдардың қызметін басқару және дамыту тәжірибесі туралы баяндама жасады. 30 қарашада «Physical Sciences and Technology» журналының ғылыми редакторы Мұратов Мұхит халықаралық журналдың Scopus деректер базасына ену тұсаукесерін өткізді және басылымды деректер базасына жылжыту тәжірибесімен бөлісті. ҚазҰУ-дың ғылыми журналдарды басып шығару және ілгерілету процесін басқару тәжірибесі тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.