ҚазҰУ самбошылары жеңіске жетті
4 желтоқсан, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің самбошы жастары Алматыда өткен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Михаил Николаевич Шепетюктің 70 жас мерейтойына арналған самбо және дзюдо күрестерінен республикалық турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Нұрлан Бижанов самбодан 64 келі салмақ дәрежесінде 1-орын алды.
География және табиғатты пайдалану факультеті «Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Ертас Әлфараби самбо күресінен 71 келі салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024