ҚазҰУ спортшысы әлем чемпионы атанды
4 желтоқсан, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенті Елдар Шекербек Таиландтың Пхукет аралында өткен ашық суда жүзуден әлем чемпионатында топ жарды.
OCEANMAN 2023 World Championship superfinal 30 nov – 3 des суперфиналында Елдар Шекербек 10 км-ге және 2 км-ге жүзуден TOР 5 спортшылар қатарынан көрінсе, 3х500 метрге жүзуден эстафеталық жарыста алтын медаль иеленді.
Ашық суда жүзуден әлемдік жарыстар Пхукет жағалауындағы Андаман теңізінде өтті.
Осының алдында, қараша айында Елдар Шекербек Oceanman Dubai-2023 суда жүзуден халықаралық жарысында да жоғары нәтижелер көрсеткен болатын.
ҚазҰУ спортшысын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024