М.Әуезов атындағы драма театрына саяхат

4 желтоқсан, 2023

    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары М.Әуезов атындағы драма театрында "Абылайханның ақырғы күндері" атты қойылымын тамашалап қайтты. Мақсат: қазақ өнері мен мәдениеті туралы шетелдік қазақ жастарына терең тағлым беру. Тарихи тұлғалар мен еліміздің өткені жайлы тарихи маңызды оқиғаларды тереңірек түсініп, шәкірттер ризалықпен қайтты. Сахна саңлағы Тұңғышбай Жаманқұловтың сомдаған образына аса үлкен құрмет білдірді. Жастар ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге, насихаттауға дайын екендігін көрсетті.Тұрақты даму мақсаттарының бірі  "Сапалы білім беру" (4) бағытында жастарға терең білу - парызымыз! Шетелден келген қазақ жастары келген елдерінде қазақ елінің тарихы мен әдебиеті бойынша терең мәліметтер ала алмаған. Қазақстанға келіп,білім алуға ұмтылатындары да сол- қазақ халқының рухани мұраларын,тарихи тұлғалары мен маңызды оқиғаларын терең түсінгісі келеді.  Атажұртқа  келген әрбір қазақ баласы өз елінің болашағына алаңдап,сапалы білім алып, бар күш-жігерлерін ел мүддесін нығайтуға атсалысуды армандайды. Сондықтан шәкірттеріміз білімге құштар,көбі ұлтжанды азаматтар. Болашақта биіктерден көрініп, елге қызмет етер тұлғалардың қатарынан көрінуді тілейміз!