"Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді

1 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 1 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарда мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының магистранты Әзімбек Гүлғарыш сөз сөйледі. 
Ғылыми семинарда магистрант құқық және ҚР құқықтық жүйесі, құқықтың қайнар көздері, ҚР мемлекеттік билік органдарының жүйесі және т. б. мәселелерін талқылады. 
Семинарға ғылыми жетекші з.ғ.к. А.М. Каратаева, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.К. Мыңбатырова, з.ғ.к. А. Ж. Жарболова, з.ғ.к. А. Б. Сманова қатысты.