«Вокал» үйірмесі студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге шақырады

5 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін, әр түрлі жанрлық бағыттағы шығармашылық ұжымдары бар, тәрбие ошақтарының бірі - АРТ-орталығы болып табылады.

Соның ішінде ең қызықты, тартымдысы ол Вокал үйірмесі. Үйірме қатысушылары өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйренеді. Үйірменің мақсаттары:

  • жастар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;
  • ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;
  • ән айту ережелерін үйрету;
  • музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру;
  • әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;
  • музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету;
  • музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну;
  • шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылықпен орындай білуге үйрету;
  • музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақ мәнерін түсініп, ажырата білу;
  • дауыстың табиғи таза шығуына, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту, екі дауыста орындауға үйрету;
  • студенттердің музыкалық білімін жетілдіру;
  • музыкалық сауаты, эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған, музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Көптеген талантты студент үшін Студенттер сарайының сахнасы – үлкен сахнаға жолдама беретін киелі орын. Осы сахнадан үлкен сахналарға жолдама алған жұлдыздардың қатарында Мадина Садвакасова, Динара Қырықпаева, Malika YES тағы да басқа әншілерді атауға болады.

Құрдастарыңның арасында, әсіресе жетекші ұлттық университеттің талғампаз студенттік аудиторияларында танымал болу, бұл – күрделі әрі қиын сынақ. Сол сынақтан өтіп, үлкен белестерге жол тартқан – ол 2023 жылдың басында құралған "FAVORIT" Boys Band: физика-техникалық және ақпараттық технологиялар факультеттерінің түлектері Сәбитбек Жәнібек, Түгелбаев Самат, Тұрта Шерхан, Әбенов Абылай кірді. Көркемдік жетекшісі - актриса және әнші Фариза Ещанова. Кәзіргі таңда көптеген отандық телеарналарда клиптері көрсетіліп, хитке айналып жатыр. Осындай аманат арқалаған жастарымыздың алдағы уақытта да өнерлері өрістеп, талай белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Бүгінгі таңда Вокал үйірмесінің таланттары университетте өткізілетін барлық іс-шараларға шығармашылық және музыкалық жағынан қолдау көрсетіп, 100-ден астам студент мүшелік етеді. Репертуарында заманауи, ретро, халықтық, классикалық әндер мен шығармалар бар.Студенттердің үйірмелерге қатысуы жылдан-жылға артып келеді. Үйірме жетекшісі Ещанова Фариза Бекібайқызы өнертану магистры, актриса, Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі 2021 г.

Өнер мен білімді қатар алып жүремін деген дарындарға АРТ-орталықтың есігі әрқашанда айқара ашық.