Атақты аудармашымен кездесу

5 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы
 «TARZHIMAN» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен«Заманауи аудармашы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға белгілі жас аудармашы-синхронист. ҚазҰУ докторанты Әуел Ержан ( Алан) қатысты. Талантты жас ғалым, кәсіби аудармашы Әуел өзінің ерекше харизмасымен, оқытушылық қабілетімег аудиторияны бірден баурап алды , 1курс студенттеріне аудармашылықтың қыр-сырын, кейбір
құпиясы мен қиындығын, екінші шет тілі ретінде қай тіл таңдау, IELTS емтиханы, синхрон аударма ерекшелігі т.б қызықты да маңызды мәліметтерімен бөлісті. Арнайы дайындап келген презентациясын көрсетіп, заманауи аудармашы қандай болуы керектігін түсіндіре білді. Клуб жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы Әуел Ержанға алғысын білдіріп, аударманың үлкен өнер екенін айтып, студенттерге табыс тіледі.Бұл кеш болашақ аудаомашылар үшін өте пайдалы болды.