Репродуктивті денсаулықтың алдын алу
ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Репродуктивті денсаулықтың алдын алу» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өткізілді.
Тұрақты даму мақсаттарының бірі- денсаулық пен амандық мақсатында 2023 жылдың 7 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында репродуктивті денсаулықтың алдын алу мақсатында ғылыми семинар өткізілген болатын. Ғылыми семинарға биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «8D05108» – геоботаника мамандығының 1 курс докторанттарымен бірге, Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің 6В01509-биология білім бері бағдарламасының 4 курс студенттері қатысқан болатын. Семинар барысында әйел адамның денсаулығына байланысты өзекті мәселелер қарастырылды. Репродуктивтік денсаулық бұл- жүкті болу, босану және сау бала туу мүмкіндігі. Репродуктивті денсаулық – әрбір жеке адамның, отбасының және жалпы қоғамның денсаулығының ең маңызды құраушы факторы болып саналады.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы