Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері өзткізген кезекті шара ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында қазіргі жастар – болашақты жасаушылар ретінде ынтымақтастық пен бейбіт қарым-қатынас орнату жолында қызметке баулуға арналды. 16-17 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында болған шара "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" деп аталды. Іс-шараға ҚХР, Корея, Түркия, АҚШ, Жапониядан келген 35 студент қатысты. Шетелдік тыңдаушылар ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының не екенін, оның қандай мағына беретінін білді; ҚР Мемлекеттік туында не бейнеленген, тудың көгілдір түсі неге таңдалды; мемлекеттік әнұран ел өмірінде қандай рөл атқарады деген сынды мәліметтер айтылды. Кураторлар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.