06.12.2023 ж. Тұрақты дамудың 4 мақсаты бойынша заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының PhD докторы Қонысбай Б.М. 4 курс студенттерімен бірлесе Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын талқылады.
Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Сондай еңбектің бірі «Абай жолында» Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз.
Бүгінгі талқылауды осы еңбектерді тереңдете оқу мен пікір алмасу орын алды. Осы мақсатта көрме ұйымдастырып, кітаптарды толық оқуға студенттерге тапсырма берілді.
Сабақ Абай атамыздың шығармаларын талдаумен, еңбектерін мәнерлеп оқумен аяқталды.