Халық таңдауы - Қасым-Жомарт Тоқаев

7 желтоқсан, 2023

2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс өткен Президент сайлауында Қазақстан халқы үшін болашақта әрбір адам бақытты өмір сүретін Қазақстанның дамуына адал еңбек ететін президентке дұрыс таңдау жасау өте маңызды болды. Президенттікке үміткерлер ішінде ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен басымдылықпен ең көп дауыс жинады. Нәтижесінде, экзит-полл қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Қасым-Жомарт Тоқаевты 26 қарашада  ел Президенті етіп ұлықтап, оның халық алдында ант беруі рәсімі тарихи оқиға болды. Елбасының сайлау алдындағы қыркүйектегі халыққа жолдауын да қарапайым халық жылы қабылдаған болатын. Елбасының елді дамыту бағдарламасын талқылай отырып, халық жаңа әділ Қазақстанның болашағын және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартудың кепілі болады деп үміттенеді. Қасым-Жомарт Тоқаев коалицияға өзіне көрсетілген жоғары сенім үшін алғысын білдірді. "Қоғамдық штабқа, сенімді өкілдерге, еріктілерге алғыс айтамын. Сіздер еліміздің түкпір-түкпірінде болып, ауылдарды, ең шалғай жатқан елді мекендерді де назардан тыс қалдырмадыңыздар. Сіздер елеулі үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздіңіздер. Бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймын. Сондықтан бүгінгі нәтиже – біздің ортақ жеңісіміз!» деп атап өтті. Халық президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халық сенімі ең басты құндылық екенін атап өтті. Бұл ретте ол өз сөзінде қуатты мемлекет құру үшін ең алдымен әділеттілікті орнату керектігін атап өтті. Онсыз реформалар мүмкін емес. Ендеше, біртұтас халық, бір қоғам болып жұмыла отырып, бұл іске бәріміз кірісуіміз керек. Халық әділ сайлауда өзі таңдаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет қазақ елінің бақытты да бейбіт елде өмір сүруіне барлық мүмкіндіктерді жасау үшін бар күш-жігерін жұмсайды деп сенеді және үлкен үміт артады.

Баймұратова И.А. , ф.ғ.к., филология факультеті, шет тілдері кафедрасының  аға оқытушы