Президент жолдауы ел болашағын айқындайды
Биылғы жылы да мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев дәстүрлі түрде қыркүйек айында өтетін Қазақстан парламенті (сегізінші шақырылым, 2-ші сессия) сессиясының ашылуында Қазақстан халқына елімізді әр қарай өркендетудің бір қатар стратегиялық бағытын, жоспарын белгілейтін, болашағын айқындайтын ел өмірінің барлық аса маңызды салаларын қамтитын үкіметтің бірнеше бағдардан тұратын бағдарламасын ұсынып, жолдау жасады. Президент жолдауы жаңа кезеңге қадам басқан еліміздегі саяси жаңғыру бағдары болды. Еліміздегі экономикалық өзгерістердің саяси жаңғыруға ұласуға тиіс факторлары қамтылды. Атап айтқанда Президент өз жолдауында соңғы екі жылда ел экономикасында, саяси өмірінде қол жеткізген жетістіктерімізді, оған үлес қосқан парламент мүшелеріне алғысын білдіріп, алда атқарылуы тиіс қордаланған мәселелерді де атап көрсете отырып, оларды шешудің нақты жолдарын көрсетіп берді. Халық назарын аударатын тағы бір мәселе, президент экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты және оның мәні сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатындықтан, бұл саясаттың еш өзгермейтінін атап айтуға болады. Осыған қатысты ел экономикасындағы қордаланған мәселелерді шешудің нақты жодарын атай келе, президент макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру, тың тәсілдер енгізу сияқты жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап көретті. Жолдауда президент елдің жарқын болашағын, басқа елдер алдындағы беделін тек саяси реформамен ғана өзгерте алмайтынымызды, сонымен қатар әр адамның санасында да өзгеріс болуы маңызды екенін атап айтты. Ел басы өз жолдауында басқа да күрделі мәселерді атай келе, ел ахуалына тікелей әсер ететін мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты, еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттерге баса назарды. Еліміздің басты құндылығы болып табылатын адам ресурсына, яғни халқымыздың әлеуметтік жағдайына да президент жолдауында баса назар аударылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы жылдар бойы қордаланған түйткілдерді шешілуде аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берілді. Ел басы жолдауында тағы бір маңызды мәселе білім беру жүйесіне, тәрбие жұмысы басты назарда болу керектігін және бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратынын атап көретті. Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, елдің күші мен болашағы – жастардың білімінде, сондықтан отандық жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыру, студенттерге, жастарға әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсету мемлекетіміздің басты міндетінің бірі сияқты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Президент жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайды. Экономикалық саясат, мемлекеттік басқару ісі, заң мен тәртіп т.б. сияқты өзекті мәселелерде алда әлі де шешімі кезек күттірмейтін, атқарылатын міндеттердің бар екенін және оларды шешуде бүкіл ел болып жұмыла іске кірісіп, ұлт мүддесі үшін ұйысуға, бәріміз бірлігімізді бекемдеп, ешқашан әділдіктен аттамай, ел ісіне адал болуға, берекелі, ынтымағы жарасқан ел болуға шақырды.
Баймуратова И.А., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
филология факультеті, шет ел тілдері кафедрасының аға оқытушысы