- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында "Тұрақты даму мақсаттары: кедейлікті оның барлық түрлерінде жою» атты іс-шара өтті
Қиыр Шығыс кафедрасында "Тұрақты даму мақсаттары: кедейлікті оның барлық түрлерінде жою» атты іс-шара өтті
Қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ұмтылу және студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында әлеуметтік-танымдық іс-шара өтті.
Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған іс-шара 2023 жылдың 27 қараша күні өтті, оған жапон бөлімінің 2 және 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның тақырыбы «ТҰМ 1: Кедейлікті оның барлық нысандарында тоқтату» кездейсоқ таңдалған жоқ, бұл қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің өзектілігін көрсетеді.
Студенттер кедейшілікпен жаһандық күрес жағдайында әлем алдында тұрған мәселелерді белсенді түрде талқылады. Олар мәселені шешу үшін, әсіресе, пандемия мен экономикалық дағдарыс тудырған ағымдағы сын-қатерлер тұрғысынан шұғыл және келісілген әрекеттердің маңыздылығы туралы өз ойларын айтты. Қатысушылар кедейшілікпен күресте табысты жұмыс істеп жатқан Қытай, АҚШ және ЕО елдері секілді шет елдердің тәжірибесіне назар аударды.
Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қосылуы аясында студенттер елімізде кедейлікті жою бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, елдегі кедейлік деңгейі одан әрі егжей-тегжейлі қарастыруды қажет етеді. Орта бизнесті сақтап қалу, мемлекеттің қолдауымен экономикалық білім беру, кәсіпкерлікке кедергілерді жою басты назарда болуы өажет.
Іс-шараға қатысушылар кедейлік мәселесін шешу бойынша өз көзқарастары мен идеяларымен белсенді түрде бөлісті. Пікірталас барысында студенттер кедейшілікпен күресу үшін білім беру және әлеуметтік бастамалардың маңыздылығына тоқталды, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған бағдарламаларды құру қажеттілігі туралы айтты.
Бұл шара тек пікір алмасу алаңы ғана емес, жастарды қоғамдық өмірге тартудың маңыздылығын дәлелдеді. Шығыстану факультеті, жапон тілі бөлімі студенттерінің бастамасы белсенділік рухын қолдап, олардың әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуға дайын екендіктерін көрсетеді.
"Шығыстану" мамандығының 2-3 курс студенттері
Аға оқытушылар Ашинова Ж.Е., Тазабекова Г.Б.