«Ұлтымыз үшін ұлы мереке – Тәуелсіздік күні»
04.12.2023 ж. сағат 12.00 де Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "90 жыл-90 іс-шара" мерейтойы қарсаңында заң факультеті-қылмыстық құқық,қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында"Əділет" клубының жетекшісі,профессор Г.М.Атаханова мен «Әділет» клубның мүшелері, ,заң факультетінің 402 және 408 топ студенттерімен ТДМ -16 «Бейбітшілік, әділеттілік, тиімді институттар» аясында Тəуелсіздік күніне орай арналған "Ынтымағы жарасқан-Тəуелсіздік Қазақстан"-тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараның мақсаты: тарих тағылымынан сыр шерткен бұл іс-шара студенттерді патриоттық сезімге, тәуелсіздіктің қандай ауыртпалықпен келгендігін, ұлттық сезім, ұлттық мақтанышты әрбір студенттің бойына дарыту болды.
Модератор - з.ғ.к., профессор Атаханова Г.М.
Спикерлер :Мырзакулов Нұрдəуіт «Ұлтымыз үшін ұлы мереке – Тәуелсіздік күні»; Амалбек Диас «Тəуелсіздік баға жетпес байлық»; Кеңесов Диас
« Тәуелсіздік күні» атты тақырыпта баяндама жасады.