«Туберкулез: студенттер нені білуі керек?» тақырыбында ақпараттық дәріс

7 желтоқсан, 2023

2023 жылы 7 желтоқсанда «ТДМ 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат» іске асыру аясында  заң факультетінің студенттеріне «Туберкулез: студенттер нені білуі керек?» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Н.К. Мыңбатырова және «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубы.

Дәрісті Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының дәрігер-үйлестірушісі Садыкова Гүлмира Мадениатовна жүргізді. Гүлмира Мадениатовна өз дәрісінде студенттерге туберкулез деген не, оның қандай жолдармен берілетіні,туберкулездің қандай белгілері бар екені, туберкулездің қалай анықталатыны, оны емдеу жолдары және туберкулезден сақтану жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ, туберкулездің алдын алу шараларына тоқталды.