"Қытайдағы жоғары білім" көрмесі

8 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 8 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Әл-Фараби" кітапханасында Қытай Халық Республикасының стипендиялық Кеңесімен бірлесіп, сондай-ақ Алматы қаласындағы ҚХР Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған "Қытайдағы жоғары білім" көрмесі өтті.

Көрмеге Цинхуа университеті, Пекин Тіл және мәдениет университеті, Пекин педагогикалық университеті, солтүстік-батыс политехникалық университеті, Шанхай университеті, Шанхай халықаралық бизнес және экономика университеті және т.б. сияқты Қытайдың 40-тан астам жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.

Тарих факультетінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қытай жоғары оқу орындарына түсу және құжаттарды тапсыру рәсімі туралы білуге, әр университеттің академиялық бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ көрмені ұйымдастырушылар Қытай жоғары оқу орындарында оқу үшін үкіметтік стипендия алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.