29 қараша күні "Тұрақты даму мақсаттары 8" аясында бизнес-тренинг саласындағы сарапшы Андрей Булавамен керемет кездесу ұйымдастырылды

28 қараша, 2023

Қазақстанның IEEE Women in Engineering Affinity тобының басқару жетекшілері: топ кеңесшісі, Назарбаев Университетінің Доценті Гүлсім Құлшарова, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі  Мадина Мансурова және кафедра меңгерушісінің орынбасары Сарсембаева Талшын 29 қараша күні "Тұрақты даму мақсаттары 8" аясында бизнес-тренинг саласындағы сарапшы Андрей Булавамен керемет кездесу ұйымдастырды. Кездесу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының жасыл залында, “Келіссөздердің тиімді техникалары” атты тақырыпта өтті.

Іс-шараға қатысушылар Андрей Булавадан табысты іскерлік келіссөздердің көптеген стратегиялары мен әдістерін білді. Құнды білім мен дағдыларды сыйлаған шабыттандыратын тәжірибе!