Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу
05.12.2023 жылы Түрксой кафедрасының студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу өткізді.
Шәміл Әбілтай ағамыз өзінің жаңа туындысы «Тұран» күйі мен «Мұстафа Шоқай туралы толғау» атты жаңа еңбегін студенттерге таныстырып, бұл туындылардың өмірге келуі туралы әңгімелеп берді. Шын мәнісінде «Тұран» күйінің әуенінде қазақ интеллигенциясының ХХ ғасыр басындағы тәуелсіздік күресін жүргізудегі нәубат сарыны аңқып-ақ тұр. Шәміл ағаның Мағжан мен Мұстафа туралы естелік айтқанда еліне, отанына деген ерекше құрметі байқалады.
Ал «Мұстафа Шоқай туралы толғауын» жырлағанда Шәміл аға ерекше асқақтап, бар ынтасымен беріле, дауыс интонациясының ырғақты кесектері студент жастарды таңқалдырмай қоймады. Шын өнер иесінің қасиеті деп осыны айтқан дұрыс шығар. «Тұранның әділ көсемі, Алаштың кәміл шешені, Істесе ісі еселі, Мұстафа – ғасыр данасы!» деп келетін толғауда Мұстафа Шоқайдың күллі Алаш еліне жасаған еселі еңбегі көрініс тауып тұр.
Ұлы бабаларымыздың қазақ елі үшін атқарған қызметтері ешқашан ұмытылмақ емес!
Ұйымдастырғандар:
аға оқытушылар Әбелдаев Ж.Ә., Жанатаева Г.Б.