"Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу" бойынша дөңгелек үстел

7 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 7 желтоқсанында,  Алматы қаласы Дін істер басқармасы аясында "Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу" бойынша Алматы қаласындағы Ақпараттық-түсіндіру тобының  жұмысын қорытындылауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша белсенділік көрсеткен және тыңдармаңдардың көңілінен шыққан сауалнамалар нәтижесінде бірнеше адамдар марапатталды. Соның ішінде әл-Фараби атындағы   Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы 2 орын,  Тунгатова Ұлжан Асқарбайқызы 3 орын иегерлері атанды. Көптің ішінен іріктеліп, жұмыстары жоғары бағаланған әріптестерімізді  жетістіктерімен құттықтаймыз!