- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайданың Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) 21– 29 қараша 2023 ж. барған іссапары
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайданың Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) 21– 29 қараша 2023 ж. барған іссапары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайда 21– 29 қараша 2023 ж. гранттық жоба аясында Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) іссапарға барып келді. Іс сапардің басты мақсаты – Хайдарабад қаласы кітапханалары мен мұражайларының, мұрағаттарының қорларын зерттеу, медициналық жазба мұраларды іздестіру; жоба тақырыбына қатысты жаңа деректерді табу, қолжазбаларын анықтау; жазба жәдігерлердің мәтінімен танысу, көшірмесін алу.
З.Шадкам EFL Ағылшын және шет тілдері университеті Шығыс тілдері факультетінің доценті, парсы тілінің маманы Мамуд Аламмен жолығып, жұмыс жоспарын талқылады, Oriental Manuscript Library and Research Institute (OMLRI, Шығыс қолжазбалар кітапханасы және зерттеу институты) басшыларымен жолығып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісім, рұхсат алды.
Саллар Джунг музейінің кітапханасында жұмыс жасады. Музей қорының каталогтарымен танысып, 8 дана XVIII–XІХ ғғ. қолжазба кітап таңдалып, мәтіні қаралды. Зерттеу барысында «Тансуқ наме Илхани» авторы Табиб Рашид ад-дин Хамаданидің Арғұн ханға (1251-1291) арнап жазған «Кафиат фи тибб» атты тағы бір беймәлім медициналық шығармасы және Шибандық Убайдолла Бахадүр ханға арнап жазылған «Зубдат ал-Куххалин» атты трактат (парсы тілінде) бар екені анықталды.
З.Шадкам Низамия Джамия (Низамия медресесі) ұйымының кітапханасымен танысты. Кітапхана қорында жалпы саны 1316 араб, парсы, урду тіліндегі қолжазба және 2400 аса литографиялық ескі кітаптар сақталған. Қорларында сақталған 7 медициналық шығармамен танысты. Сол күні Чаумахалла қорымен танысуға бардық. Чаумахалла қоры Османия университетінің кітапханасына 2018 ж. тапсырылғаны анықталды.