Студенттер «Тойы көп үй» қойылымын тамашалады

22 қараша, 2023

 

2023 жылдың 22 қараша күні «6В02203 – Дінтану» мамандығының 2.3. курс студенттері және куратор-эдвайзер Мұқан Нұрзат, факультет аға эдвайзері Аязбаева Б.  факультет бойынша ұйымдастырылған  Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанған «Тойы көп үй» қойылымын тамашалады.
Қойылым адамзатты қандай жағдай болса да жақсылық жасаудан жалтармауға шақырады. Үйінен қонақ үзілмейтін Заңғардың тілімен айтар болсақ, адамдар қайғы мен қасыреттен емес, қуаныштан шаршасын!