Біздің үздік студентіміз

8 желтоқсан, 2023

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультеті “Педагогика және білім беру менеджменті”  кафедрасының  Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті Сарсенбай Жанерке Ермекқызы Астана қаласында  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - де ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттердің арасында байланыс орнату мақсатында «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты республикалық форумына белсенді қатысты. Форум барысында “ТМД- ның Үздік студенті” төсбелгісі мен куәлігіне ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Магауова Акмарал Сабитулаевна.